МӘСКЕУ. Ларижани мырза Теһранның даулы ядролық бағдарламасы мәселесін Ресей өкілдерімен талқыламақшы. АҚШ президенті Джордж Буш егер Иран өзінің ядролық мәселесіне байланысты туындап отырған алаңдаушылықтарды жою үшін әрекет жасамаса, онда Иранды БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне беру керек деп ескертті. Ал Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басшысы Еуроодақ пен АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасына қатысты арнайы баяндама жасалсын деген өтінішін жоққа шығарды. Мохаммед Әл-Барадей бандаманы әзірлеу үшін көбірек уақыт керек дейді. Ал наурыз айының 6-сында өтетін МАГАТЭ-нің кезекті отырысында Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап беруге дайын болу керек деп атап көрсетті Әл-Барадей. Халықаралық агенттік ақпанның 2-сі күні төтенше жиналысын өткізбекші. Америка Құрама Штаттары Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы дейді, бірақ бұл айыптауларды Теһран жоққа шығаруда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы