Бүгін Еуропада АҚШ-тың Орталық барлау агентігінің құпия түрмелері бар ма дегенге, Еуропалық зерттеушілер тобының басшысы, швейцариялық сенатор Дик Марти, үш айлық зерттеулерден кейін айыптауларға негіз болатындай ешқандай дәлел таппадық деп мәлімдеді. Қараша айында шығыс Еуропадағы құпия түрмелерде американдық агенттер әл-Қаида ұйымының мүшесі деп күдіктелгендерді сұраққа алды деген хабарлардан кейін Еуропалық Кеңес бұл мәселені анықтау үшін өзінің зерттеуін жүргізген болатын. Нью-Йоркте орналасқан Хьюман Райтс Уотч ұйымы Румыния мен Польшада АҚШ-тың құпия түрмелері бар болуы мүмкін деген болатын. Екі ел де өздерінің оған қатыстылығын жоққа шығарған. Еуропа елдерінде құпия түрмелердің болуы адам құқықтары жөніндегі еуропалық заңға қайшы келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі