ТБИЛИСИ. Бүгін грузин президенті М.Саакашвили баспасөз арқылы Ресейді “Моздок-Тбилиси” газ құбырының қос желісіндегі жөндеу жұмысына грузин мамандарын жіберуге шақырды. “Ресей жағына келетін болсақ, деп атап көрсетті Саакашвили, олар бізге құбыр кеше – 24-інші қаңтарда іске қосылады деп айтты. Ал осы кезде біздің мамандарымыз бұзылған құбырға жіберілмеді. Біз өзіміздің мамандарымыздың көмегін орыстарға осыған дейін де ұсындық, тағы ұсынамыз”, деп мәлімдеді грузин президенті. Қос құбырды жөндеу жұмысын ГазПром-ның еншілес КавказТрансГаз компаниясы атқарып жатыр. Оның бас директорының өкілі құбырды қайта іске қосудың кешігуін жетіспеушіліпен түсіндірмек болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды