Accessibility links

Өзбекстан “Күн сәулелі Өзбекстан” ұйымының осымен екінші мүшесін соттауда


ТАШКЕНТ. Бүгін өзбек оппозициясының белсендісі Нодира Хидоятова Ташкентте өтіп жатқан сот процесінде экономикалық қылмыстар бойынша өзін “айыптымын” деп мойындамады. Н.Хидоятова өткен жылдың мамыр айында Әндіжандағы халық толқуын ресми биліктің аяусыз басып-жаншуына наразылы болған “Күн сәулелі Өзбекстан” ұйымының үйлестірушісі болып жұмыс істеді. Оған экономикалық қылмыстарға қатысты бірқатар айып тағылып отыр. Хидоятованың серіктері оған тағылған айыптардың “саяси астары” бар деп мәлімдейді. Соңғы айлардың ішінде өзбек үкіметі “Күн сәулелі Өзбекстан” ұйымының осымен екінші мүшесін соттау үстінде.
XS
SM
MD
LG