Accessibility links

Ресейді үсітіп өткен Сібір аязы Еуропа елдерінде талай адамның өліміне себеп болды


МӘСКЕУ. Мәскеуге жеткен Сібір аязының ызғары қайтайын деді, бірақ Еуропаның өзге бетінде талай адамның үсіп өлуіне себеп болды. Мәскеуде ауаның температурасы минус 30-дан 12-ге дейін көтерілсе, Новосібір қаласында аяз бұрын болмаған 50 градусқа жетті. Украинаның денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, өткен тәулікте қақаған аяздан 53 адам үсіп көз жұмды. Румынияда өткен күндерде үсіп өлген 18 адамға қоса, минус 32 градус аяздан тағы 3 кісі қаза болды. Польша үкіметі бүкіл кешеден бері 14 адамның үсіктен өлгенін хабарлады. Өткен 3 тәуліктің ішінде Болгарияда 5 адам мерт болды. Адам өлімі Түркияда да тіркеліп отыр.
XS
SM
MD
LG