Accessibility links

“Құланды” газ кенішін “ҚазМұнайГаз” бен “НафтаГаз-Украина” бірлесіп игереді


АСТАНА. Бүгін “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы Украинаның “НафтаГаз” компаниясымен арада Батыс Қазақстандағы газ кенішін бірлесіп игеру туралы келісім-шартқа қол қойғанын хабарлады. Осы келісімге сәйкес, тараптар Арал теңізі маңындағы “Құланды” газ кенішінің техникалық-экономикалық негіздемесін бірлесіп дайындауға және зерттеу жүргізуге келіскен. Аталған газ кенішінде табиғи газдың қанша қоры бар екені айтылмайды.
XS
SM
MD
LG