СТРАСБУРГ. Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы Беларус оппозициясын қолдап, халықаралық қауымдастықты президент Александр Лукашенканың авторитарлық режимінен аулақ болуға шақырды. Аталған ассамблея өкілдері Беларустегі адам құқықтары жағдайын талқылап, арнайы қарар қабылдады. Наурыздың 19-ы күні Беларусте президент сайлауы өтеді.