Accessibility links

Палестинадағы “Хамас” тобы сайлауда жеңіске жеттік дейді


ГАЗА. Палестинада өткен парламенттік сайлауларда Исламшыл жауынгер “Хамас” тобы жеңіске жетті. Бұл туралы “Хамас” тобының өкілі Сами Абу Зухрин жариялады.

“Бастапқы нәтижелерге қарағанда, “Хамас” 132 орыннан 75-тей орынға қол жеткізді. Енді Хамас тобы саяси партиялармен, президент Махмұд Аббас және Фатах патиясымен саяси ынтымақтастық жөнінде келіссөз өткізеді”, - деді Хамас өкілі.

Ал Палестинаның Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ресми қорытындысы бүгін кешірек жарияланады деп мәлімдеді. Алайда Палестина премьер-министрі Ахмед Курей қызметінен кететінін айтты. Курей, сондай-ақ, “Хамас” тобы жаңа үкімет құруы керек деді. Америка Құрама Штаттары “Хамастың” үкімет құрамына кіруі бейбіт процесске әсер етуі мүмкін деп ескертті. Израиль премьер-министрінің орынбасары Шимон Перес “Хамас” тобының жеңіске жеткені ең алдымен палестиналықтардың өздері үшін проблема деді. Ал премьер министр міндетін уақытша атқарып отырған Ехуд Олмерт Израиль - негізгі рольді “Хамас” атқаратын Палестина үкіметін мойындай алмайды деп мәлімдеді. Ал БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан болса, Палестина халқын бейбіт түрде өткен парламент сайлауларымен құттықтады. Бірақ демократиялық саяси процесске қатысуды қалайтын кез келген топ қарусыздану керек деді Кофи Аннан.
XS
SM
MD
LG