Беларуста президенттік сайлауға түсемін деген тағы бір оппозициялық саясаткер додадан шығып қалды. Зиянон Пазняк билік бәрі-бір кедергі жасайды деп президенттікке таласу талабын тоқтатты. Кеше осындай уәжді алға тартып додадан оппозициялық кандидат Сергей Скребец шығып кеткен болатын. Ал президенттікке кандидаттардың қол жинау мерзімі бүгін кешке аяқталады. Үміткерлер кемінде 100 мың қол жинау керек. Дауыс беру күні 19 наурызға белгіленген. Елді ұзақ жылдары басқарып келе жатқан Александр Лукашенкоға төрт кандидат бәсеке құруы мүмкін. Оппозициялық партиялардың көпшілігі бірігей кандидат ретінде Александр Миленкевич деген саясаткерді қолдап отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?