Accessibility links

Парламенттік сайлауда үлкен жеңіске жеткен Палестиналық «Хамас» тобы Израиль мемлекетін мойындамаймыз деп мәлімдеме таратты


«Хамас» ұйымының жетекшісі Махмуд Захар, Израиль Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындамаса, біз неге Израильдың елдігін мойындауымыз керек деген сауал тастайды. Ал Дамаскдан тұрып, «Хамастың» екінші бір жетекшісі Абу Марзуктың айтуынша, Израиль Палестина жерін басып отырған кезде еурейлердің егемен елдігін мойындауға болмайды.

Израиль бас министрі Шаронның бас кеңесшісі Ранан Гисин кеше Израиль халықаралық деңгейде терроршы топ деп әйгіленген ұйыммен ешқандай келіссөзге бармайды, деді.

- «Хамас» лаңкес ұйым ретінде бүкіл әлемде белгілі. «Хамас» Осло шартына да, Бейбітшілік жөніндегі Жол картасына да қарсы, - деді Шаронның кеңесшісі.

Иерусалимдегі АҚШ-тың бас консулы Уолс Вашингтон терроршы ұйымдарға көмек бермейді деген.
XS
SM
MD
LG