Accessibility links

Жеңілген "Фатах" партиясының қолдаушылары ереуіл бастады


"Фатах" партиясының қолдаушылары Палестина парламенттік сайлауында "Хамас" тобының жеңгеніне қарсылық танытып, ереуілдетіп жатыр. "Фатах" партиясының ондаған қарулы адамы мен Палестина полициясы Батыс жағалауда парламент үйін біршама уақытқа басып алды. "Хамас" жауынгерлік қозғалысының басшысы Халед Машаал биліктен ығыстырылған "Фатах" ұйымын әріптестікке шақырды. Халед Машаал Сирия астанасы Дамаскте сөйлеп, "Хамас" қарусыздансын деген халықаралық талапты қабылдамады, Палестина жері басып алынды, сондықтан қаруымызды тастамаймыз, көтерілісті тоқтатпаймыз деді. АҚШ әкімшілігі болса "Хамас" тобының жеңісінен соң Палестинаға беретін көмегіміз қысқаруы мүмкін деді.
XS
SM
MD
LG