Accessibility links

Беларусбасы революцияға рұқсат жоқ деді


Беларус президенті Александр Лукашенко наурыз айында өтетін президенттік сайлаудан кейін елде ешқандай көтеріліс болмайды, Украина мен Грузиядағыдай оппозиция халықты көтермейді деп мәлімдеді. 19 наурызға белгіленген сайлауда Лукашенкоға төрт саясаткер балама құрмақ. Лукашенко билік басында үшінші рет қаламын деп отыр. Оппозициялық партиялардың көпшілігі бірігей кандидат Александр Миленкевичке сенім артады. Лукашенко елді 1994 жылдан бері басқарып келеді. Оппозиция Лукашенко сайлау қарсаңында тәуелсіз баспасөздің үнін өшірді деп айыптап жатыр.
XS
SM
MD
LG