БАҒДАД. Полицияның хабарлауынша, Искандария қаласындағы жарылыстан кемінде 10 ирақтық құрбан болып, бірнеше кісі жараланған. Ал Тикрит қаласында жанкешті жарған бомбадан 4 Ирақ сарбазы опат болған. Кеше Бағдадта орын алған жарылыстан бір АҚШ әскері мерт болған.