ЧЕЛЯБИНСК. Челябинскінің танк училищесінде болған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық жауапкершілікке 12 кісі тартылып, 11 қылмыстық іс тергелу үстінде. Ол жайында кеше Ресейдің әскери Бас прокуроры хабарлады. 12 адамның үшеуі абақтыға жабылған. Осыдан бірнеше күн бұрын әскери училищеде қызмет мерзімі жақындаған жауынгерлердің тобы араққа тойып алып, армияға жаңа шақырылған 8 жауынгерді жәбірлеп, соның салдарынан қатардағы жауынгер Александр Сычевтің 2 аяғын бірдей кесуге тура келді. Туыстарының айтуынша, қазір А.Сычевтің денсаулығы біршама түзеле бастаған сияқты.
8 жауынгерді жәбірлеген оқиға бойынша 11 қылмыстық іс қозғалып, 12 адам жауапқа тартылуда
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?
-
Азаттық зерттеуі | 4-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: әкімдер