Accessibility links

Палестинаның “Хамас” жасақтайтын жаңа үкіметін АҚШ та, Еуроодақ та қаржыландырмай ма?


ЛОНДОН. Таяу Шығыс мәселесі бойынша “дипломатиялық квартетке” кіретін АҚШ, Ресей, Еуроодақ және БҰҰ-ының сыртқы істер министрлері бүгін Лондонда бас қосып, Палестинадағы парламент сайлауында жеңіске жеткен “Хамас” тобының жасақтайтын жаңа үкіметімен қандай саясат ұстанған дұрыс деген мәселені талдайтын болады. Кеше Лондонға келген бетінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Палестина президенті М.Аббасқа көмек беру міндеттемесін орындап келген АҚШ “Хамас” тобының үкіметін қаржыландырмайды деп мәлімдеді. Кеше Германия канцлері Ангела Меркель де еврей мемлекетін мойындап, қантөгістен бас тартпайынша, Еуроодақ та “Хамас” бастаған Палестина үкіметін қаржыландыра алмайды деп ескертті. Өткен жылы 500 млн. еуро қаржы бөлген Еуроодақ Палестина автономиясының ең ірі демеушісы болып табылады.
XS
SM
MD
LG