Accessibility links

Энергетикалық “Энрон” корпорациясының бұрынғы басшылары сот алдында


ХЬЮСТОН. Америка тарихындағы ең ірі корпоративтік жанжал бойынша бүгін Хьюстон қаласында сот үдерісі басталады. Сотта осыдан бірнеше жыл бұрын күйреген Энрон корпорациясының құрушысы әрі бұрынғы төрағасы Кен Лэй мен компанияның бұрынғы жетекшісі Джефри Скайлинг жауапқа тартылып отыр. Екеуіне құнды қағаздармен алаяқтық жасады деген сынды бірқатар айып тағылып, олар өз айыптарын мойындамайды. Энрон компаниясы - шым-шытырық шарттардан келген қарыздары мен құпия есеп-шоттарда жатқан 100-деген млн. доллар қаржыны жасырғаны әшкереленген соң 5 жыл бұрын күйреді. Оның банкротқа ұшырауы компанияның нарықтық бағасын 70 млрд. долларға құнсыздандырып, АҚШ-тың қор биржасын шайқады және жалғыз Тексас штатында 5 мың жұмыс орны жабылды.
XS
SM
MD
LG