Accessibility links

“Хамас” тобы Палестинаға бөлінетін қаржы қысқартылмасын дейді


ИЕРУСАЛИМ. “Хамас” тобы халықаралық қауымдастықты Палестинаға көмектесу үшін бөлінетін қаржыны қысқартпауға шақырды. Бұл ақша палестиндіктердің жалақыларына, күнделікті өмір сүрулеріне және Палестинаның инфрақұрылымына жұмсалады, деді Газадағы Хамас басшысы. Ал Израиль премьер-министрі міндетін уақытша атқарып отырған Ехуд Олмерт парламенттік сайлауларда жауынгер “Хамас” тобы жеңіске жеткен соң Израиль Палестинаға төлемақыларын тоқтатады деп мәлімдеді. Израиль лаңкесттік топтарды қаржыландырмайды, деді Олмерт. Ал бүгін Лондонда Таяу Шығыс мәселесі бойынша “дипломатиялық квартетке” кіретін АҚШ, Ресей, Еуроодақ және БҰҰ-ының ресми өкілдері “Хамас” тобы жасақтайтын жаңа Палестина үкіметімен қандай саясат ұстану керек деген мәселені талқылап жатыр.
XS
SM
MD
LG