Accessibility links

Палестинадағы экстремистік ұйым еврей мемлекетін мойындау туралы Батыстың шартын қабылдамады


ГАЗА ҚАЛАСЫ. Палестинадағы экстремистік “Хамас” тобы Израиль мемлекетін мойындап, қарусыздану туралы Батыс елдерінің талабын қабылдамады. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, “Хамас” тобының өкілі Сами Әбу Захри “Хамас”-тан талап еткенше, Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге дәнекер 4 ел Израильден басып алған жерлерін босатуды және басқыншылықты доғаруын талап етуге тиіс деп мәлімдеді. Ол Палестина халқы өзінің демократиялық құқын өткен аптадағы парламент сайлауында жүзеге асырып, “Хамас” тобын қолдағаны үшін жазаға тартылып отыр деп ойлайтынын атап көрсетті. Кеше Таяу Шығыстағы келіссөзге дәнекер “квартет” – АҚШ, Ресей, Еуроодақ және БҰҰ-ы Палестинаға арналған қаржылай көмек – “Хамас” тобы жасақтайтын Палестина үкіметінің Израильді мойындап, қантөгістен бас тартуына және бейбіт келіссөз жөніндегі “Жол картасы” жоспарына қосылуына тікелей байланысты болатынын ескертті. “Хамас” тобы Израильді жою саясатын ұстанады.
XS
SM
MD
LG