Газа секторы. АҚШ пен БҰҰ-ның, Европа одағының жоғары өкілдері мұндай мәмлеге кеше Лондондағы басқосудан кейін келген болатын. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан егер «Хамас» өзінде өзгерістер жасаса, халықаралық қауымдастық онымен бірлесіп жұмыс істей алады деп атап көрсеткен. «Хамастың» өкілі Сами Абу Зухри бұндай талапқа кері жауап қайтарып, мұның орнына халықаралық бітімгерлер Израил оккупациясын тоқтатуға күш салсын дегенді айтты. «Хамастың» мәлімдеулері Израилды жоюға шақырып отыр. «Хамас» жаугерлік тобы өткен аптадағы Палестинадағы парламент сайлауында жеңіске жеткен болатын.
Халықаралық жетекшілер «Хамас» жаугерлік тобын қақтығыстардан бас тартып, Израил мемлекетін мойындауға, Палестина мемлекеттілігінің болашағына әсер етер «жол картасы» бейбітшілік жоспарын қабылдауға шақырып отыр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты