ДУШАНБЕ. Бүгін Тәжікстанның төтенше жағдайлар бойынша министрлігі хабарлағандай, елдің шығысында болған қар көшкінінен 20 адам қаза тапты. Қар көшкіні бүгін түнде Жигатал ауданы маңындағы ауылды басқан. Министрліктің айтуынша, 2 адам хабарсыз жоғалған, олардың аман қалуына ешқандай үміт жоқ. Территориясының басым бөлігін тау құрайтын Тәжікстанда қыста қар көшкіні жиі болып тұрады.