Accessibility links

Джек Стро (Англия): “Иранға... соңғы мүмкіндік берілді”


ЛОНДОН. Ұлы Британия Иранды ядролық бағдарламасы бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтармауға, басқаша жағдайда – оның халықаралық қауымдастықпен арадағы сауда қатынасына қатер төнеді деп ескертті. Ол жайында бүгін Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақимен кездесуі барысында ағылшын сыртқы істер министрі Джек Стро хабарлады. Осы келіссөздің алдында Джек Стро Иран үшін өзінің ядролық міндеттемелерін орындауына “соңғы мүмкіндік берілді” деп мәлімдеді. Иранның атом электр стансасы салынып жатқан Бушер қаласында бүгін сөйлеген сөзінде президент Ахмади-Неджад Теһранға қысым көрсеткен Батыс елдеріне арнап: “Сіздер Иран халқының 27 жыл бұрын тәуелсіздік алғанын білулеріңіз керек. Біз ядролық энергия өндіруге – Иран халқы құқылы деп санаймыз”, деп қарсылық білдірді.
XS
SM
MD
LG