“Жас Алаш” басылымының бейсенбі күнгі санында жарық көрген Мұхтар Жанұзақұлының сараптамалық мақаласында соңғы аптада орын алған саяси оқиғаларға байланысты талдау жасалыныпты. Аталмыш мақалада “Ақ жол” демократиялық партиясының басшысы Әлихан Бәйменовтың ғана емес, сонымен қатар “Нағыз Ақ жол” партиясының да Демократиялық реформалар бағдарламасын жасау және оны нақтылау жөніндегі комиссия жұмысына араласауға құлықты екендігі сөз болыпты. Осыған орай мақала авторы кем дегенде 4 жыл билік үшін күш сынасатын мүмкіндігі қалмаған оппозиция бұрынғы тактикасын өзгертуге бел буған секілді деген болжам айтыпты. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, биліктің мұндай қадамға баруының басты себебі Қазақстаннан назарын тайдыра қоймаған халықаралық қауымдастыққа байланысты болып отыр. Атап айтқанда, АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондализа Райс Астанаға сапары кезінде демократиялық өзгерістер әлі де қажет екенін алдыға тартқан. Сайлаудан кейін зілді мәлімдемелер жасаған Еуропадағы Ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымы басшылығы мен Еуроодақ Қазақстанның демократия принциптеріне берілгенін дәлелдеуіне жарты жыл уақыты бар екендігін ескерткен. Дегенмен мақала авторы осыған қарамастан комиссия артынан комиссия құрылып, қауырт жұмыс жүріп жатқандай көрінгенімен, түптеп келгенде бәлендей ілгерілеу бола қоймайды деген қорытынды түйіпті.
“Свобода слова” басылымына берген сұхбатында “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысының басшысы Жармахан Тұяқбай негізгі заңға өзгерістер енгізбейінше елде демократиялық процестердің алға жылжымайтындығын тілге тиек етіпті. Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, ендігі уақытта демократияның алға қадам басуы Мемлекет басшысының өз билігін азайтып, халықтық және азаматтық қоғам билігінің дамуына ерік беруіне байланысты болады. Сондай-ақ өз сөзінде Жармахан Тұяқбай мырза егер де Демократиялық реформалар бағдарламасын жасау және оны нақтылау жөніндегі комиссия жұмысы шын мәнісінде де демократиялық өзгерістер жасауға ниеті бар екендігін танытса, онда өздерінің бұл комиссияның жұмысына қатысуы мүмкін екендігін жасырмапты. Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, демократияға жасаған алғашқы қадамы ретінде билік оппозицияны қудалауын тоқтатуы тиіс.
“Время” газетіне берген көлемді сұхбатында таяуда ғана бостандыққа шыққан оппозиция басшыларының бірі Ғалымжан Жақиянов дәл қазіргі уақытта халықтың берген уәдесін орындауды биліктен талап етуі керектігіне тоқталыпты. Өз сөзінде Ғалымжан Жақиянов шын мәнісіндегі сөз бостандығы болмайынша ешқандай да саяси реформалардың жүзеге аспайтындығын айрықша атап өтіпті. Газет тілшісіне берген сұхбатында Ғалымжан Жақиянов осыдан алты жыл бұрын өзінің жақтастарының тым еркінсіп кеткен режимді сабасына түсіргісі келгендігін айтып, алайда бұл әрекеттерінің сәтсіз аяқталғандығын әңгіме қылыпты. Ғалымжан Жақияновтың айтуынша, ендігі уақытта билік қысым көрсету арқылы мәселенің шешілмейтіндігін түсінуі тиіс. Оппозиция басшысы түрлі саяси институттардың көмегі арқылы билікті нақты саяси реформалар жасатуға болады деп пайымдайды екен.
“Отан” партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов “Литер” басылымына берген сұхбатында президенттің саяси реформалар туралы сөзінің іс жүзінде жүзеге асатындығына толық сенімді екендігін білдіріпті. Сондай-ақ Бақытжан Жұмағұлов егер де оппозицияны жалпыхалықтық мәселелер толғандырса онда олардың міндетті түрде билікпен болатын саяси диалогқа қатысуы керектігі туралы ойын білдіріпті.
“Сөз” газетінде жарық көрген Валерий Сургановтың мақаласында Қазақстанда оппозиция өкілдерін қудалаудың жалғасып жатқандығының тарихы баяндалыпты. Осы сөздеріне дәлел ретінде мақала авторы өткен жылдың 28 қарашасынан бері Тараз қаласында “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысының мүшесі Әлібек Жұмағұловтың қамауда жатқандығын мысалға келтіріпті. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, Әлібек Жұмағұлов Қазақстан Президентінің ар-намысына тиісті және жаппай басбұзарлық істеуге әрекет жасады деген айып тағылыпты. Газет тілшісінің хабарлауынша, егер сот Әлібек Жұмағұловты жазықты деп тапса, ол он жылға шейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.