Кездесу жабық есік жағдайында өтуде. Агенттік өкілінің айтуынша, мамандар аталған сауалды бүгін дауысқа салмайды. Сессия өз жұмысын жұма күні де жалғастырмақшы. Ресей тарапы бұл мәселеге байланысты қарсылық танытпайтындығын жариялады. Егер бұл сауал Қауіпсіздік кеңесіне тапсырылатын болса, ондай жағдайда уранды байыту ісін кең тұрғыда жүргіземіз және Атом энергиялық агенттікпен әріптестікті тоқтатамыз деп ресми Техран ескерткен болатын. Ал, Қауіпсіздік кеңесінің тиым салу хұқына ие екендігі белгілі.
БҰҰ жанындағы Атом энергиялық агенттігінің Басқарма кеңесі бүгін Иранның ядролық бағдарламасына байланысты мәселені талқылауды бастады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі