Индонезия астанасы Жакартадағы Дания елшілігіне 300-дей ашу-ызалы адам келіп, Голландия туларын жыртып, елшілікке жұмыртқалар лақтырды. Ал Ғазадағы Франция мәдени орталығына келген 300-дей палестиналық қуыршақ бомбы лақтырып атқылады. Жарақат алған ешкім жоқ. Мұхаммед пайғамбарды келемеждеп бейнелеген карикатуралық суреттер алғаш рет өткен жылғы қыркүйекте Дания газеттерінде басылып, артынша Еуропалық өзге газеттер де оларды көшіріп басқан еді. Ал Дания бас министрі Расмуссен кеше әл-Арабия телеарнасынан шығып, «біздің үкімет кез-келеген халықтың діни сезіміне кері әсер ететін істі қаралайды», деді.
– Біздегі мерзімдік баспасөз, БАҚ-дары үкіметті қалаған кезде сынай береді. Менің өзіме де талай сыни шабуыл жасалды. Мен оған түсіністікпен қараймын, себебі, сөз, ой айту еркіндігі деген бар емес пе. Бұл біздегі демократияның құрамдас бір бөлігі, - деді Дания үкіметбасы.
Дегенмен, Андерс Расмуссен, «мен Дания газеттерінде Мұхаммед пайғамбардың суретін келемеждеп көрсетулеріне байланысты өте ренжіп отырмын. Бірақ, газеттің мақсаты басқа жағдай болған секілді. Газет ол үшін кешірім өтінді», деді.
Мұхаммед пайғамбардың карикатуралық бейнелеріне байланысты, Пәкістан парламенті оны басқандарды қаралайтын шешім қабылдап, еуропалық басылымдардағы ол бейнелерді арандатушы мақсаттағы дүниелер, деп атады.