Accessibility links

Сенбі күні Сирия астанасы Дамаскідегі Дания мен Норвегияның елшіліктерін осы ел газеттерінің Мұхаммед пайғамбар ғ.с-ды сайқымазақ қылғанына наразы болған адамдар басып алды


Сириялықтардың бұлайша бас көтерулеріне полиция көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды пайдаланып, олардың Франция елшілігін басып алуына тосқауыл қойды. Наразылық танытушылар Дания мен Норвегия елшіліктерін талқандап, өртеді. Дания елшілігінің ғимаратында сонымен қатар, Швеция мен Чилидің дипломатиялық өкілдіктері де орналасқан екен. Копенгаген мен Осло өз ұлтының азаматтарына тез арада Сириядан кетуге кеңес беріп жатыр. Карикатура ең бірінші Данияның газетінде, кейінірек Еуропалық баспасөзде жарық көрген еді, ислам әлемі ол жарияланымға бірнеше күн қатарынан наразылық танытып жатыр.
XS
SM
MD
LG