Accessibility links

Әлемдегі ең үлкен ислам елдерінің бірі Индонезия Еуропа басылымдарында Мұхаммед Пайғамбардың суретін келемеждеп беруін, олардың бүкіл әлемдегі мұсылман жұртының ар-намысына тиюі деп айыптады


Президент Сусило Баңбаң Йудхойоно тілшілерге айтқан сөзінде, ол карикатуралар мұсылман қауымының діни сезіміне, салт-санасына деген қорлық әрекеті деп баға берген. Дания газетінде өткен жылғы қыркүйек айында жарияланған ол карикатурадан кейін Еуропадағы өзге басылымдар да оны көшіріп жариялаған болатын. Содан кейін-ақ, Еуропадан бастап, өзге көптеген мұсылман әлемінде наразылық шерулері, жиындар басталып кетті. Таяу шығыс елдерінде Даниядан келетін импорттық заттарға тиым салынды. Мұсылман елдерінде, жалпы дәстүрде, Мұхаммед Пайғамбардың суреті бейнеленбейтіндігі үшін, кезінде кешірім сұрап онысын жариялағанымен, Дания газетінің бұл ісіне мұсылмандар қатты ызланып отыр. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан мұсылман қауымынан газеттің ол кешірім өтінішін қабылдауға шақырды.
XS
SM
MD
LG