Accessibility links

Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген Еуропа газеттері бүкіл ислам әлемінің наразылығына тап болды


БЕЙРУТ. Еуропа елдерінің газеттерінде Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттердің жариялануына қарсы Ливан астанасында наразылық шеруіне шыққан халық бүгін Дания консулының кеңсесін өртеді. Оның алдында Ливанның қауіпсіздік күштері Дания елшілігіне жақындаған шеруді қуып тарату үшін көкке оқ атып, су атқылайтын бранспойтты пайдаланды. Өз кезегінде шеруге шыққан халық полицияны таспен атқылап, бірнеше автокөлікті өртеп жіберді. Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттер алғашқыда Дания газетінде жарыққа шығып, ислам әлемінің ащы наразылыын туғызған болатын. Кеше шеруге шыққан жұрт Дамаск қаласындағы Дания мен Норвегия елшіліктерін қиратты.
XS
SM
MD
LG