Accessibility links

Бұдан былай Иран өзінің ядролық нысандарын МАГАТЭ-нің тексеруіне қайтып рұқсат бермей ме?!


ТЕҺРАН. Бүгін Иранның сытқы істер министрі Манучир Моттақи ресми Теһранның атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігімен өз ықтияры бойынша ынтымақтасудан бас тартатынын растады. Бұл - Иран өзінің уранды байыту өндірісін уақытша тоқтатуын қойып, ядролық нысандарын МАГАТЭ-нің тексеруіне қайтып рұқсат бермейді деген сөз. Кеше МАГАТЭ басқармасының Кеңесі Венада Иранның “ядролық ісін” наурыз айында БҰҰ-ының қауіпсіздік Кеңесіне беру керектігі айтылған Қарарды мақұлдады. Бірақ оның алдында МАГАТЭ-нің Бас директоры осы іс бойынша баяндама жасауға тиіс. Сондай-ақ, бүгін Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи Теһран уранды өзінің жерінде байыту туралы ұсыныс жасаған Ресеймен арадағы келіссөзін жалғастырады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG