Accessibility links

Чешен сепаратистері үкіметінің құрамы неліктен айтарлықтай өзгеріске ұшырады?


МӘСКЕУ. Чешен сепаратистерінің шетелдегі өкілі Ахмед Закаев көтерілістің жетекшілері өзін қайта жасақталған үкіметтің вице-премьері лауазымынан аластатқанын растады. Кеше “Эхо Москвы” Радиосына берген сұхбатында қазір Лондонда тұратын А.Закаев егер көтеріліс жетекшілері өзін елге шақыртатын болса, Чешенстанға қайтуға дайын екенін мәлімдеді. Сепаратистік үкіметтің құрамындағы 2-нші ақпан күнгі жаңа өзгеріске сәйкес, А.Закаевпен бірге өзге 4 министр қызметтен босатылды. Чешен сепаратистерінің лидері Абул-Халим Садуллаев өзінің интернет-парақшасында атап көрсеткендей, барлық министр көтерілісшілердің Ресей армиясына қарсы 1994-інші жылдан бері шайқасып келе жатқан Чешенстанда болуға тиіс. А.-Х.Садуллаев сепаратистік үкіметтің шетелдегі өкілін өзі тағайындайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG