ПАРИЖ. Дүние жүзінде алғаш рет бет жүзінің бір бөлігін операция арқылы өзгерткен француз әйелі бүгін өзінің өмірін жаңа бастайтын мүмкіндікке дән риза екенін мәлімдеді. Өткен қараша айындағы күрделі операциядан кейін алғаш рет жұртқа көрінген 38 жастағы Изабель деген келіншек әзер сөйлесе де: “Операциядан кейін бет-әлпетін бұрынғы қалпына келді. Мен ауызымды аша аламын, ас іше аламын, мен өзімнің еріндерімді, мұрнымды, ауызымды жақсы сезе аламын”, деп тіл қатты. 15 сағатқа созылған операция барысында Изабельдің бетін қалпына келтіру үшін хирург-дәрігерлер марқұм болған әйелдің миындағы қан тамырларын, етін және т.басқасын пайдаланды. Өткен жылдың мамыр айында Изабельдің беті иттің қабуынан адам танымастай бұзылған еді.