Accessibility links

Иран өзінің уран байыту әрекеттерін қайта бастамақшы


Бұл жөнінде ол БҰҰ жанындағы атом энергиялық агенттігіне ресми түрде мәлімдеген. Агенттік те бұл хабарды растап отыр. Сондай-ақ агенттіктің тексеру жұмыстарын ақпанның ортасында тоқтатып, бақылау камераларын әкетуін де ескертті. Ақ үй өкілі Скот МкКлейланның айтуынша ресми Техранның мұндай әрекеттері Иранның бүкіл әлемнен тұйықтала түсуіне алып келмекші. Ал, Атом энергиялық агенттік болса Иранның ядролық бағдарламасына байланысты мәселені Қауіпсіздік кеңесі қарауына тапсыруға сенбі күні шешім шығарған болатын. БҰҰ бас хатышсы Кофи Аннан болса Иранның халықаралық жаңа сөйлесулерге қарай қадам жасайтындығына үміт артуда.
XS
SM
MD
LG