Accessibility links

Шешен көтерілісшілерінің басшысы министрлерін ауыстырып жатыр


Шешен сепаратистерінің жетекшісі Абдул-Халим Садулаев шетелдердегі жоғары лауазымды өкілдердің бірқатарын өзгерткені туралы жариялады. Атап айтқанда, Лондондағы белгілі өкіл Ахмед Закаев премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылды. Садулаев сондай-ақ барлық министрлердің Шешенстанда орналасуын талап ететін декретке де қол қойды.

Бұл аталған кардлық өзгертулер турасында Шешен сепаратистерінің веб-сайтында дүйсенбі күні жария болды, онда сонымен қатар мұндай қадамның өзін-өзі жариялаған сепаратистік шешен үкіметін нығайтып, бекіте түсу үшін жасалып отырғандығы жөнінде айтылған. Таратылған хабарларға қарағанда, Закаев премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылғынымен, ол мәдениет министрі қызметін сақтап қалған.

Шетелде тұратын ақпарат министрі Мовлади Ұдугов та бұл міндетінен босатылып, оның орнына ол ұлттық ақпарат қызметінің басшысы етіп тағайындалған. Ұзақ уақыттан бері Францияда тұрып жатқан сепаратистердің белгілі бір өкілі Омар Ханбиев те денсаулық министрі міндетінен кетті. Мұндай кадрлық ауыстырылымдарға қосымша, Шешен сепаратистерінің жетекшісі Садулаев енді сепаратистік үкіметтің барлық мүшелері, демек министрлер түгелімен енді Шешенстан территориясында тұрып, осында жұмыс жасаулары керек деген шешімге де қол қойды. Дегенмен де ондай талап-шарт қойылған министрлер қатарында Закаев пен АҚШ-тан саяси баспана алған сыртқы істер министрі Илияс Ахмадов қана кірмеген.

«Азаттық» радиосының Солтүстік Кавказ редакциясына берген сұхбатында Ахмед Закаев мұндай өзгерістердің сепаратистік басшылықты негізінен елдің өз ішінде шоғырландыруға бағытталғандығын айтқан.

- 2005 жылдың тамыз айында жаңа үкімет құрамында сыртқы және гуманитарлық істер қызметтері құрылған болатын. Мен сол секция үшін жауапты болдым да, оның қатарына бес не алты министр кірген, сол тамыз айындағы декрет бойынша. Ол секция құрылғаннан кейін шетелдерде тұрып жатқан министрлерге өз жұмыстарын атқаруға деген мүмкіндік болса, оны көбірек тиімді немесе азырақ тиімділікпен жасай алады ғой деген үміт болған. Дегенмен де өткен екі-үш ай бұл жоспардың жүзеге аспайтынын байқатты. Бұған қоса қазір елдің ішіндегі саяси және соғыс жағдайы да өзгерді. Сондықтан да бұл декреттің мақсаты - Шешенстанның өз ішінде жұмыс істейтін министрліктер мен министрлердің, үкімет шенеуніктерінің ролін нығайтуға бағытталған. Міне сол себепті енді басты жетекшілер елдің ішінде жұмыс істейтін болады. Декреттің мақсаты да осы еді.

Закаев осыларды айта келе сепаратистік үкімет қатарында бұдан да көп өзгерістерді күтетіндігін айтқан. Шешен-пресс веб-сайтының жазуына қарағанда, бұл өзгертулерге көтерілісшілердің веб-сайтында соңғы кездері Закаев пен Ұдуговтың өзара алмасқан ащы пікірлері де себеп болуы мүмкін.

Ұдугов Шешен сепаратистерін халықаралық заң талаптарын, батыстық демократиялық стандартты мойындамауға шақырған болатын. Бұл Закаевтың ұстанып келген қалыпты көзқарасына қарсы. Кейбір саяси талдаушылар Закаевтың премьер-министрдің орынбасары міндетінен босатылуы оның қалыпты көзқарас-пікіріне әсер етіп, енді Шешен басшылығының радикалдануын байқатады деген ойда. Закаев өткен жылы Ресей күштері өлтірген Шешенстанның бұрынғы президенті Аслан Масхадовтың жақын кеңесшісі болған. Мәскеудегі Карнеги орталығының Кавказ сарапшысы Алексей Малашенко Закаевтың премьер-министрдің орынбасары міндетінен кетірілуі таңқаларлық жағдай емес дейді. Закаевтың Мәскеумен келіссөздерде бір нәтижеге келе алмауы - оның өткен уақыт Адамы екендігін көрсетті дегенді айтады.

- Онда жаңа тұлғалар пайда болды, мүмкін олар біршама радикалды болуы да. Олар өз қайраткерлігін тек Шешенстанмен шектегісі келмейді, олар бүкіл Солтүстік Кавказ шеңберінде әрекет еткісі келеді. Бұл тұрғыдан алғанда Закаев барлығы үшін өткен уақыттың адамы, ол келіссөздердің адамы, ал қазір ондай келіссөздер мүмкін емес.

Он жыл бұрын соғыс басталған бастапқы шақта оған қатысқан Закаевты Мәскеу халықаралық террорист деп атаған болатын. Закаевқа саяси баспана берген Британиядан оны қайтаруын қанша сұрағанымен де, Мәскеу оған қол жеткізе алмай келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG