Алайда Астананың орталық емханасының невропотолог дәрігері Амангелді Иманов осы уақытқа дейін өзімнің салам бойынша, шетелдерде білімімді тереңдетуге әрекет жасадым, бірақ түк шықпады, дейді:
– Мен шетелге барып оқығым келеді. Бірақ мен ондай мүмкіндік жоқ. Қалалық департаментке өтініш жазғанбыз. Бірақ түбінде болмайтын болып шықты. Басында өздері барлық қызметкерлерді жинап алып, кімнің шетелге оқығысы келеді деп сұрады, соңында ешқайсымыз да бармайтын болып шықтық. Менің ойымша, көбінесе жоғары жақтағылар шетелге оқуға өздерінің таныстарын жіберетін сияқты, – дейді дәрігер Иманов.
Бүгінде Қазақстанда денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын 20-ға жуық ғылыми-зерттеу ұйымы бар екен. Бірақ соған қарамастан қазір жастарда ғылымға деген қызығушылық өте аз дейді, – Денсаулық сақтау вице-министрі Айқан Ақанов. Оның айтуынша, медицина ғылымы докторларының орта жасы 58-ді құрайды.
Невропотолог Амангелді Иманов денсаулық сақтау вице-министрінің жас мамандардың ғылымға бет бұрмай отыр дегінмен келіседі. Бірақ Амангелді Иманов мұны дәрігерлер арасында өзінің мамандығына селқос қарайды екен деп түсінбеу қажет дейді. Оның сөзіне қарағанда медицина саласында білім алған жастар ізденіп, өздерінше жаңалық ашқысы келеді. Бірақ ол арманның бәрі ақшаға келіп тіреледі дейді, – дәрігер Амангелді Иманов.
Сонымен бірге денсаулық сақтау министрлігі медициналық жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың деңгейі төмен екендігін жасырмайды. Оның сөздеріне қарағанда өткен жылы 420-ға жуық әдістемелік құрал жарық көрген. Бірақ олардың бірінде де керемет жаңалық жоқ, – дейді денсаулықсақтау вице-министрі Айқан Ақанов.
Астанадағы Медициналық Академияның оқытушысы Майра оқулықтардың ескіргенін айтады. Оның айтуынша, кейде олар Кеңес Одағы кезіндегі оқулықтарды қолданады, студенттерде оқулықтар жетіспейді екен.
Ал дәрігер Амангелді Иманов медицина саласы бойынша білімнің сапасын көтеру үшін оқытушылардың айлық-жалақылары кем дегенде 1000 АҚШ доллары шамасында болуы керек, дейді.