Accessibility links

Даниялық газет Холокост туралы карикатураларды шығармаймыз дейді


ПРАГА. Мұхаммед Пайғамбар карикатураларын алғашқы боп басып шығарған Даниялық “Джилландс-Постен” газеті Ирандық басылымның Холокауст туралы жинап жатқан күлкілі суреттерін қайта басып шығармайтынын айтты. Таяу Шығыс аймағындағы кейбір елдерде Мұхаммед Пайғамбарды мазақ қылған батыс басылымдарына деген наразылықтар әлі де жалғасып жатыр. АҚШ президенті Джордж Буш мұсылман елдерінің үкіметтерін зорлық-зомбылық әрекеттерді доғаруға шақырды. Иордания патшасы Абдулламен кездесуі барысында Буш мырза:

“Әлем елдерінің үкіметтерін зорлық-зомбылықты тоқтатуға және шетелдерде қызмет етіп жүрген бейкүнә дипломаттардың өмірлері мен дүние-мүліктерді қорғауға шақырамын”, - деді.

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы да карикатураларға байланысты наразы толқулар барысында орын алып жатқан зорлық-зомбылықты доғаруға шақырды. Ауғанстандағы толқуларда кеше төрт адам қаза тапқан болатын. Ал Иран астанасы Теһранда наразылық танытушылар Британия елшілігіне тас лақтырып, терезелерін сындырды. Сонымен қатар, Батыс жағалаудағы Хеброн қаласында ереуілшілер халықаралық өкілдікке шабуыл жасады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG