Accessibility links

Пәкістанның солтүстігіндегі шиит мұсылмандарының ашура мерекесін атап өтіп жатқанында болған жарылыстан кемінде 22 адам қайтыс болып, бірнешеуі жараланды


Солтүстіктегі Хангу қаласында орын алған ол шабуылды бомба жарып бір жанкешті жасады. Шииттердің күнтізбесі бойынша ашура мейрамы өте маңызды діни мереке болып саналады. Бүгін он мыңдаған ирақтық шиит ашура мерекесін тойлап, қасиетті Кербалаға және шиитердің басқа орталықтарына шеруін бастады. Сондай-ақ, Ауғаныстанның Герат қаласында орын алған шииттер мен сүнниттер арасындағы қақтығыста бірнеше адам жараланған.
XS
SM
MD
LG