Accessibility links

Оппозициялық «Айна плюс» газеті жарыққа шықты


Қазақстандық сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» халықаралық қоры «2005 жылғы Қазақстандағы сөз еркіндігі» жайлы жыл сайынғы сараптамалық есебін жариялады. Бұл есепте, президент сайлауы науқанымен өткен былтырғы жылы елде оппозициялық басылымдарға қысым күшейгені көрсетілген. Сондай-ақ, ақпанның 9-ы күні Қазақстанда жаңадан дүниегше келген оппозициялық газеттің алғашқы саны жарыққа шықты.

2005 жылғы Қазақстандағы сөз еркіндігі мәселелеріне сараптама жүргізген «Әділ сөз» қорының мамандары жыл сайын елдегі тәуелсіз ақпарат кеңістігінің аясы тарылып келе жатқанына нақты деректер келтіре отырып, мұндай жағдайда Қазақстан өзін демократиялы-зайырлы мемлекет ретінде ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге үміттенуі ұшқарылық екенін алға тартады. Яғни, азаматтық және саяси құқық жөніндегі халықаралық пактіге сәйкес Қазақстан заңдылықтарын жетілдіру мен елдегі сөз бостандығын қамтамасыз ету барысында көптеген істер қолға алынуы қажеттігі аталып көрсетілген.

Осы ретте «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық қор сарапшысы Ғалия Әженова ерекше атап өтетін жайт ретінде жыл сайын оппозициялық басылымдардың қатары сиреп келе жатқанын айтады. Алайда бейсенбі күні бірінші саны жарық көрген оппозициялық «Айна плюс» газетінің тілшісі Бахытгүл Мәкілбай Қазақстанда қайткенде оппозициялық басылымдардың тоқтаусыз шыға беретінін айтады. Елдегі журналистердің құқығын қорғайтын тағы бір ұйым - «Журналисты в беде» қорының төрайымы Розлана Таукина Қазақстанда тіркелген 2116 ақпарат құралының ішінде оппозициялық бағыттағысы 5-ақ газет екендігі ахуалдың қандайлық екенінен көрініс береді дейді.

Сондай-ақ, тәуелсіз журналист Ермұрат Бапи барлық қиындықтарға қарамастан оппозициялық «Айна плюс» газетінің жарыққа шығуын өзі үлкен жаңалық ретінде бағалайтынын айтады. Саясаткер, «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының мүшесі Әміржан Қосанов баспасөз еркіндігі жөнідегі есептердің біржақты болып шығатындығына көңілі толмайтындығын айтады. Және де Әміржан Қосанов алдағы уақытта мемлекеттік ақпарат құралдарындағы сөз бостандығына сараптама жасалса дейді.
XS
SM
MD
LG