Accessibility links

Бүгін Францияда Армения мен Әзірбайжан президенттері Таулы Қарабах мәселесіне арналған келіссөз өткізеді


ПАРИЖ. Келіссөз барысында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобынан Франция, АҚШ және Ресей өкілдері ара-ағайындық жасайды. Ал келіссөздің алдында Роберт Кочарян мен Ильхам Алиев Франция президенті Жак Ширакпен жеке кездеседі. Таулы Қарабахқа қатысты қақтығыс 1988-ші жылы басталған болатын. Қақтығыста 30 мыңдай адамның өмірі қиылып, миллиондай адам босқын болып кетті. Ол кезде Армения мен Әзірбайжан Совет Одағы республикалары еді. Ал 1994-ші жылы Карабах мәселесіне байланысты бейбіт келіссөздерге қол жеткізілген-ді.
XS
SM
MD
LG