Accessibility links

Әзірбайжанда құс тұмауының H5N1 белгісі табылды


Бүгін Әзірбайжандық ресмилер, Каспий теңізінің Әзірбайжан жағалауында табылған жабайы құсқа Британия лабораториясында жасалған сынақтан құс тұмауы дертінің H5N1 белгісі табылғанын мәлімдеді. Ал, үй құсына жасалған сынақ қорытындысы әлі шықпаған. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, құс тұмауының белгісін анықтау үшін Лондонға жабайы және үй құсын жібергендіктерін айтып отыр. Бұл дертпен ауырған құспен байланыста болып, H5N1 белгісі бар вирусты жұқтырған адам өліп кетуі мүмкін. Бұл құс тұмауы өткен жылдан бері кемінде 80 адамның өмірін қиды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау өкілдері егер бұл вирус мутацияланып кетсе, адамдарға тез жұғып, ғаламдық пандемия болу мүмкіндігін ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG