Accessibility links

Ауғаныстандағы шиит пен сүннит мұсылмандары арасында болған қақтығысты реттеуге қауіпсіздік күштері тартылды


Бүгін Ауған ресмилері кеше елдің батысындағы Герат қаласында шиитердің ашура мерекесі кезінде 6 адам қаза болып, 150-ден аса кісі жараланған шиит пен сүннит мұсылмандары арасында болған қақтығысты реттеуге қауіпсіздік күштері тартылғанын айтуда. Ол қақтығыста екі мешітке өрт қойылған болатын. Бұл жерге бейсенбі күні Гераттың бұрынғы басшысы Исмаил Хан келді. Шиитер мен сүннитер арасындағы текетіресті реттеуге тырысатын үкіметтік комиссияға жетекшілік ететін Исмаил хан былай деді:

“Біз құрметті Гераттың барлық адамдарынан сұраймыз, құдай жолында қазірден бастап олар жақсы өмір мен бейбіт жағдайдың болуы үшін және Гераттың тұрақтылығы мен бейбіт жағдайы үшін қандай да бір ойластырылған әрекеттерді тоқтату мақсатында қауіпсіздік шараларын күшейтетін болады”.

Гераттың қазіргі басшысы Саед Хуссайн Ануари кеше болған қақтығысты шеттен, яғни Иран мен Пәкістан адамдары тарапынан ұйымдастырылды деп отыр.
XS
SM
MD
LG