Израиль тікұшағы бүгін түнде Газа секторының Дейр Әл-Бала мекенінде палестиналық көтерілісшілер отыр деп сезіктелген мәшинені атқылады. Екі палестиндік азамат зымыран шабуылынан аман қалды, олардың аты-жөндері белгісіз. Израиль әскері тарапынан әзірше ешқандай сипаттама айтылған жоқ. Израил ұшағы бүгін, сол сияқты, солтүстік Газаға зымыран атты. Адам шығыны болған жоқ, ешкім жарақат алған жоқ деп айтылды.