Бүгін Әзірбайжан мен Армения президенттері Ильхам Алиев пен Роберт Кочарян 18 жылғы Таулы Қарабах қақтығысын реттеу жөніндегі келіссөздерін Францияда екінші күн өткізіп жатыр. Ақпарат агенттіктері екі ел президенттерінің жұма күні кешкісін екі сағат бойы бетпе-бет сөйлескенін хабарлап отыр. Алиев пен Кочарян одан бұрын Франция президентімен кездесіп, Жак Ширак Әзірбайжан елінің ішіндегі этникалық армяндар тұратын даулы аймақтың мәселесі шешімін табар деген үмітін жеткізген. Ол келіссөздерге ЕҚЫҰ-ның Минск тобындағы елдер арағайындық жасауда.