Accessibility links

Иран ядролық қару таратпау келісімінен шығуы мүмкін


Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмединежад егер Техранның ядролық даму бағдарламасы төңірегінде “әділетсіз қысымдар” көбейе берсе, Иран ядролық қару таратпау жөніндегі келісімдерінен шығуы мүмкін деп айтты. Бұл туралы Техранда өткен ислам революциясының 27 жылдығына арналған митингіде айтқан, Иран президенті тағы да Холокосты сионистердің 60 жылдан аса уақыт батыс елдерін бопсалауына мүмкіндік берген “миф” деп атады. Сондай-ақ, ол нағыз холокост Палестина мен Ирақта болып жатыр деген. Ал, бүгін Иранның бұрынғы президенті Мохаммад Хатами, егер БҰҰ Техранның ядролық бағдарламасына орай санкция салатын болса, Иран мұнай бағасын өсіретін болады деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG