Accessibility links

Иран үкіметі ядролық дағдарыстан шыға алмай отыр


Иран Ислам республикасы Ислам революциясының 27 жылдығын , ал Шииттер Ашура мерекесін атап өтүде. Бірақ Ирандағы негізгі дағдарыс бұл ядролық бағдарлама төңірегіндегі дау болып қалып отыр.

Ақпанның 4інде БҰҰ Атом қуаты агенттігі, Иран өз бағдарламасы жөнінде Қауіпсіздік кеңесі алдында есеп беруі тиіс деп шешкеннен кейін бір аптадай уақы өтті. Енді, бұл арада, Иран қандай шараларды қолға алып отыр.

БҰҰ Атом қуаты агенттігі көтерген мәселеге қарамастан Иран өз ядроы бағдарламамызды одан әрі жалғастырамыз дегеннен кейін, Ирандағы саяси зиялы қауым Иран бұл арқылы қауіпті жолға түсіп отыр, деген күдігін айта бастады.

Бұл арада Иран үкіметі өз БАҚдарын ядролық мәселе жөнінде нені және қалай жазу керек жөнінде нұсқаулар беріп қойды. Бұл жөнінде тіптен Иран Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы арнайы баспасөздік нұсқау хат та жариялады. Ол нұсқау хатта үрей, алаңдаушылық туғызатын мақала, хабарларға тыйым салынған.

Ол нұсқау хат жарияланысымен-ақ, ақпанның 7ісінде, реформаторлық бағыттағы газет Мардом Салари де, оның меңгерүші редакторы Қавакебиян, Атом агенттігінің Иранды Кеңес алдына жауап беруі тиіс дегені бұл саяси мақсатты көздейтін мәселе, деп жады. Алпауыт, гегемонды елдер Иранның ядролық технологияға деген заңды иелік құқына тосқауыл болып отыр, деп жазған Мустафа Қавакебиян.

Сондаяқ, Иран журналистер одағының жетекшісі Ражабалы Марзуйдің айтуынша, Иран келіссөздердің есігін түгелдей жауып тастаған жоқ. Біз әлемдік және Еуропалық елдермен келіссөздерге отыруымыз тиіс. Бірақ ол келіссөздер өзара сенім, түсіністік деңгейінде өтүі керек, дейді Марзуй.

Вена саммитінде, ақпанның 8-і күні Ирандық елші Али Солтание, Қауіптік кеңес Иранды Атом агенттігімен өзара ынтымақтасып жұмыс істеуге ғана шақыра алады. Егер Агенттік басшысы Ел Барадейдің Иран жөніндегі баяндамасын, наурызда болатын бас қосуға дейін, Агенттік кеңесінің басқармасына жеткізбесе онда Кеңес ештеме жасай алмайды, дейді Солтание.

Асқар Солтаниенің ИРНА агенттігіне айтуынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иран мәселесімен шұғылдануына Ресей мен Қытай қарсы. Бірақ кей талдаушылар Солтаниенің бұл ойына күдікпен қарайды.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Иванов Ирандық өкілдермен ақпанның 16-сында болатын кездеуде Иран уранын Ресейде байыту мәселесі қаралуы мүмкін, деген. Министрдің айтуынша, Уран отын ретінде Иранда пайдаланылып, кейін Ресейге қайта өңдеуге әкелінүі мүмкін екен.

Дегенмен, Ресей мемлекеттік Думасында ТМД мәселесі комитетін басқаратын заңгер Кокошинның айтуынша, Ресей, Қытай және Үндістан әлі де болса Иранның бұл дағдарысты жағдайдан келіссөздер арқылы шығуын қалайды екен.

Бұл арада, бүгін сенбі күні, Иран президенті Ахмединежаттың ескертіп айтқанындай, егер Ирандағы ядролық даму бағдарламасына әділетсіз қысым жасала берсе, онда Иран ядролық қаруларды таратпау шартынан шығуы мүмкін екен. Бұл жөнінде Ахмединежат Ислам револицясының 27-ші жылдығына орай Техронда өткен мерекелік шеруде айтты.
XS
SM
MD
LG