Accessibility links

Ирақта да үкімет басына ескі де жаңа премьер-министр қайта отырды


БАҒДАД: Ирақтағы шийт мұсылмандарының ең ірі саяси партияларының бірлестігі премьер-министр лауазымына қазіргі үкімет басы Ибраһим Әл-Жафаариді ұсынып, ол бүгін парламентте мақұлданды. Ирақтың жаңа конституциясына сәйкес, парламентте сайланған президент жаңа үкімет басын тағайындауды парламенттегі басым дауысқа ие болған шийттердің коалициясынан өтінеді. Одан кейін үкімет басын парламент мақұлдауға тиіс. Бүгін, сондай-ақ, Ирақтың түкпір-түкпірінде болған түрлі қастандық пен шабуылдан кем дегенде 3 адам қаза болып, кемінде 20 кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG