ИЕРУСАЛИМ: Сапармен Мәскеуге келген палестиналық “Хамас” ұйымының жетекшілерін Ресей Израильді мойындап, террористіктің іс-қимылдан бас тартуға күштеп көреді. Бүгін Палестина президенті М.Аббаспен келіссөзінен кейін Ресейдің Таяу Шығыстағы арнаулы өкілі Александр Калугин осылай деп тағы да қайталады. Өткен бейсенбіде Ресей президенті В.Путин Палестинадағы парламент сайлауында жеңіске жеткен “Хамас” тобының лидерлерін келіссөзге Мәскеуге шақыратынын мәлімдеген болатын. Ресей мен “Хамас” ұйымының өкілдері келіссөздің осы айдың соңында өтуі мүмкін екенін хабарлады. Израильдің сыртқы істер министрі Ципи Леви ханым В.Путиннің әлгі шақыруын “керек емес және орынсыз” деп бағалады. Палестинаның жаңа парламенті 16-ншы ақпанда ант беріп, “Хамас” тобы жаңа үкіметті алдағы апталарда жасақтауға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты