Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ресейдегі демократия жағдайына байланысты алаңдаушылық білдірді


ВАШИНГТОН. “Си-Би-Эс” телеарнасының бағдарламасына қатысқан Райс ханым Ресейде демократияландыру үдерісінің кейбір элементтері кері жылжып бара жатқан көрінеді деді. Кондолиза Райс үкіметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне Ресейдің шектеу қойғанын және Украинамен арадағы қарым-қатынасына қару ретінде энергияны пайдаланғанын атап өтті. Бірақ АҚШ пен Ресей терроризмге қарсы күресте бірлесіп жұмыс істейді деді Райс ханым.
XS
SM
MD
LG