ПРАГА. Мұсылман әлемінде Мұхаммед Пайғамбарды мазақ қылған батыс басылымдарына деген наразалықтар жалғасуда. Ол карикатураларды алғашқы рет Даниялық бір газет басып шығарған болатын. Осы суреттерге орай Түркияда өткен наразылық шарасына он мыңдаған адам қатысты. Ереуілшілер Дания туын өртеп, Стамбулдағы Францияның дипломатиялық өкілдігіне тастар мен жұмыртқаларды лақтырды. Батыс жағалаудың солтүстігінде де жүздеген палестиндік наразылық танытты. Араб Лигасының басшысы Амр Мусса бұл мәселені Батыс пен Шығыс бірлесіп шешуге тиіс деді. Ал БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан бұл мәселені диалог арқылы шешуге шақырды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс карикатураларға қатысты болған зорлық-зомбылық әрекеттері бақылау астынан шығып кетуі мүмкін деді. Райс ханым мұсылман елдерінің үкіметтерін, әсіресе Иран мен Сирияны, жауапкершілікпен әрекет жасауға шақырды. Ол Теһран мен Дамаскіні батысқа қарсы наразылықтарды ұйымдастыруда деп айыптады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Кино әлемі
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?