Accessibility links

Қазақстан NATO-мен қарым қатынасын кеңейтті


Қазақстан NATO-мен қарым қатынасын кеңейтпек, бұл туралы Қазақстан үкіметінің ресми сайтында хабарланды. Оның сыртында, Қазақстанда Орталық Азиядағы шекара аралық қылмыстарға қарсы бірлескен операцияларды үйлестіретін аймақтық ақпарат үйлестіру орталығы ашылады. Ал, Патриоттар партиясының басшылығы болса, Қазақстанға әскери ықпалдастығын Ресеймен тереңдеткен тиімді деген пікірлерін білдіріп отыр.

Қазақстан Аляьнспен қарым-қатынасын кеңейтілген форматта жүргізеді. NATO-ның бас хатшысы және Қазақстан президенті арасындағы келісім негізінде жасалған дербес серіктік және әрекет жөніндегі жоспарға сәйкес, екі жақ лаңкестік, есірткі және қару сату сияқты ғаламдық кеселдермен бірігіп күресетін болады. Ал, Ресейдің кейбір ақпарат құралдары ресми Астананың қорғаныс күштерін АҚШ-тың, көмегімен жаңарту жоспары бар деп хабар таратқан. Ресей саясаттанушылары Федерация құрылымдары ірі әскери тапсырыстардан құралақан қалуы ықтимал деген жорамал жасап отыр. Тіпті ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарында альянсқа кіретін келесі ел Қазақстан деп айтылған. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен, кейбір сарапшылар өзгеше пікірде. Саясаттанушы Сейфолла Сапановтың айтуынша, альянс ықпалын ұлғайтса, Қазақстан NATO-ға қосылуы да мүмкін:

- Альянстың қазіргі жүргізіп жатқан саясаты жалпы кеңейту мәселесіне байланысты деп ойлаймын. NATO-ның Орталық Азиядағы өкілдерінің соңғы кездегі көбейіп кетуіде осы мәселеге байланысты. Қазақстанның да кейбір сарапшылары NATO-ға мүше болуға қарсы емес сияқты. Одақтас дегеннің өзінің қазір мәні өзгерейін деп отырғой, бұрыңғы биполярлық жүйе кезіндегі қырғи-қабақ соғыс кезіндегі көптеген критерийлер, ұғымдармен біз қалып қойып отырмыз. Ол NATO десек жау деп есептейміз, ондай көзқарас болмау керек бізде.

Ал Патриоттар партиясы төрағасының орынбасары отставкадағы полковник Айтқали Есенқұловтың айтуынша, Қазақстанға әскери ықпалдастығын Ресеймен тереңдеткен тиімді:

- Президент инаугурациясын өткізгенде айтты, бізде стратегиялық серіктеріміз ішінде Ресей бірінші орында деп. Ал, Ресей NATO-ның Шығысқа қозғалғанын жаратпайды. Біздің Ресеймен 7 мың шақырым шекарамыз бар. Бірақ, шекараның бәрін АҚШ жүйесіне көшірсе, оның бәрі қаражат. Қазір біз ТМД-ның жалпы құжатымен жұмыс істеп жатырмыз.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Әшікбаевтың пікірінше соңғы жасалған келісімдер бұған дейін жасалған құжаттарға қайшы келмейді:

- Қазақстан жалпы ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік жүйелеріне интеграциясын сыртқы саясаттың және ұлттық қауіпсіздігінің негізгі басты бөлімдері басымдықтары ретінде қарастырып отыр, сондықтан NATO-мен ықпалдастықтың арта түсуі күшее түсуі соңғы кезде басқа қауіпсіздік шарттармен қауіпсіздік ұйымдармен қарым-қатынасына кері әсерін тигізбейді деп қарастырамыз.

Қазақстан қазірдің өзінде әскери қауымдастықтың бағдарламалары бойынша тығыз қарым-қатынас жүргізіп келеді. Серіктестік мақсаттарында аэронавигациялық және коммуникациялық жүйелерді бірізділендіру және штабтық офицерлерді тіл дайындығынан өткізу белгіленген.

Ал, Патриоттар партиясы төрағасының орынбасары отставкадағы полковник Айтқали Есенқұловтың айтуынша, ел тұрғындарының бір бөлігіде NATO-мен жасалатын терең ынтымақтастыққа қарсы болуы ықтимал:

- Сосын халықты ойлау керек, қазір бізде 29 процент орыстар тұрады, қазір Украина NATO-ға кіреміз деп отыр. Көрдіңіз бе, қазір кісілер майданда тұр, NATO агрессор бізге керегі жоқ біз славян халқымыз деп. Сонда біздегі тыныш отырған халқымыз, 29 мың орыстар айтпайдыма бізге олар керек емес, біз ресеймен болайық деп.

Сарапшылардың пікірінше қазақстан көп векторлы саясатты ұстанады. Және әскери саладағы қарым-қатынас бірнеше елмен жүргізіледі. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Әшікбаевтың айтуынша ғаламдық кеселдермен күрес жұмысы аймақтық күштерменде жүргізіліді:

- Өңірлік мемлекеттердің қатысуымен өткен БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен өткен отырыста Орталық Азиядағы аймақтық ақпарат үйлестіру орталығын Алматы қаласында орналастыру шешімі қабылданды. Оның мақсаты жедел түрде шекараралық қылмыстар туралы ақпарат алмасып бірлескен операцияларды үйлестіру болып табылады. Орталықта жалпы 50-ге жуық халықаралық қызметкер жұмыс істейтін болады.
XS
SM
MD
LG