Accessibility links

Ресей мен Франция премьерлері “Хамас” тобы көсемдерінің Мәскеуге шақырылуын талдайды


МӘСКЕУ. Ресей өкілдерімен Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын, Таяу Шығыстағы ахуалды талқылау үшін Франция премьер-министрі Доминик де Вильпен 2 күндік сапармен бүгін Мәскеуге келуге тиіс. “Российская газета” басылымының бүгінгі санында шыққан сұхбатында де Вильпен егер Иран өзінің барлық ядролық ізденісін тоқтататын болса, Еуроодақ Иранмен арадағы келіссөзін әлі де жалғастыруды қалайды деп мәлімдеп, енді Теһран жағынан қадам жасалуын күтетінін атап көрсетті. Мәскеудегі келіссөз барысында Ресей президенті В.Путиннің Палестинадағы парламент сайлауында жеңіске жеткен экстремистік “Хамас” ұйымы басшыларын келіссөзге шақыруына да айрықша сөз болуға тиіс және Еуроодақ пен Ресей, Франция мен Ресей қатынастыры мәселелері талқыланады.
XS
SM
MD
LG