БАҒДАД. Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хуссейннің соты бүгін одан әрі жалғасады. Хуссейн мен тағы басқа 7 айыпталушыға 1982-ші жылы Дужаил ауылында 148 адамды өлтірді деген айыптар тағылған. Басқа да хабарларға қарағанда, Ирақ астанасы Бағдадта орын алған жарылыстан кемінде 15 адам қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, бұл жарылыс бір банктің жанында болған. Сонымен қатар, Бақуба қаласында 4 адам оққа ұшқан. Ал Искандария қаласында бір бомба жарылып, 2 полиция қызметкері құрбан болған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі